Жазғы спорт • 18 Тамыз, 2018

Бүгін Азия ойындарының салтанатты ашылуы өтеді

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Индонезияның астанасы Жакарта мен Суматра аралының ең ірі шаһары Палембангте XVIII Жазғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты өтеді. 

Бүгін Азия ойындарының салтанатты ашылуы өтеді

Азия ойындарының ашылу салтанаты бүгін Астана уақыты сағат 18:00-де басталады. Ресми шарада Қазақстан құрамасының байрағын 21 жастағы боксшы Әбілхан Аманқұл көтеріп шығады.

Байрақты бәсекеге Сары құрлықтың 45 елінен ең үздік деген 9700-ден астам саңлақ спорттың 42 түрі бойынша сынға түседі. Азия құрлығының Олим­пиадасы саналатын Жазғы Азия ойын­дары 1951 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Қазақстан құрамасының спортшылары бұл додаға 1993 жылдан бастап қатыса бастады. Бұл жолы Қазақстандық атлеттер спорттың 38 түрінен жарыс жолына шығады.